ТҮРКІСТАННЫҢ СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАННЫҢ СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістанның сәулетіне баса мән беретін облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшылардың басын қосып, қолға алынатын жаңа жобаларды талқыланды. Шаһардың ажарын ашатын 20 қабатты бизнес орталығы мен көпқабатты түрғын үйлердің сыртқы қасбетін әрлеу бойынша мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылысты өз мерзімінде тапсыруды және сапалы орындауды ескертті.
Мердігер компания өкілдерімен кездескен облыс басшысы қолға алған жұмысты жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді. Құрылыспен қатар абаттандыру жұмыстарын да жүргізуді тапсырды.
– Бірінші кезекте құрылыстың сапасына басты мән беріңіздер. Ең басты талап – осы. Абаттандыру жұмыстарына немқұрайлы қарамау керек. Отырғызылатын ағаштарды таңдағанда жергілікті климатқа сай болуын ұмыт қалдырмаған жөн, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан теміржол вокзалы аумағын абаттандыру жұмыстары бойынша бірқатар ұсыныстар қаралды. Жарықтандыру мәселесі де маңызды. Сонымен қатар отырыста қаланың рухани және мәдени орталығында қойылатын ортағасырлық тас мүсіндер бойынша бірқатар ұсыныстар талқыланды, деп хабарлайдыТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ