Халықаралық зерттеулердің негізгі мақсаты – білім беру саласындағы себеп-салдарлық байланыстар туралы анықтау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Осындай Халықаралық зерттеулердің Қазақстан мектептерінде жүргізіліп келе жатқанына да біраз жылдар болды.
Зерттеудің басты мақсаты - білім беру саласын жетілдіру.
Бүгінде Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде TIMSS - 2023 және ICILS - 2023 Халықаралық зерттеулерінің негізгі кезеңі жүргізілуде.
Алғашқылардың бірі болып Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицейі мен Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары зерттеуге қатысты.
Халықаралық зерттеу жұмыстарының барысымен танысқан Түркістан қалалық "Адами әлеуетті дамыту бөлімінің" басшысы Оразкүл Шайхықызы мен облыстық «Білім беруді дамыту орталығының» мамандары Н.Мавленов, Ш.Құдайбергенова және Н.Садирмекова оқушылармен тілдесіп, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін түсіндірді.
Зерттеудің алғашқы күні Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары арасында ICILS - 2023 Халықаралық зерттеуі бойынша АКТ сауаттылығынан тест арқылы алынды.
Сонымен қатар, TIMSS - 2023 бойынша Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектептің 4 және 8- сынып оқушылары математикалық сауаттылық пен жаратылыстану бағытынан тест тапсырды. Ал, бүгін М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектебінің оқушыларына TIMSS – 2023 Халықаралық зерттеуі бойынша жалғасуда.