Департаментпен Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі қолжетімділігін қадағалау мақсатында қоғамдық бақылау жүргізілді.
Бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жетілдіре отырып, әкімшілік кедергілерді жою, қызмет алушыларға жеңілдетілген, жедел әрі сапалы қызмет ұсыну.
Қоғамдық бақылау барысында, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілермен реттелетін ақпараттық бұрыштардың болуы бақыланды.
Бұл ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау, бюрократиялық кедергілер және оларды жою, қызмет алушылардың өтініштеріне уақытылы және сапалы қызмет көрсету бойынша ұсыныстар айтылды.
Өз кезегінде, Департамент және қоғам өкілдері тарапынан алдағы уақытта облыстың қала, аудандарында мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.
КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖҮРГІЗІЛДІ
