Бүгін аудандық мәслихат депутаты Ж.Архабаев жұмыс жоспарға сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді.
«AMANAT» партиясы аудандық филиалы ғимаратында өткен қоғамдық қабылдауда тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.
Атап айтқанда Алтынтөбе ауыл округінен келген ауыл билері Қ.Бөлекбаев, М.Имашов Асқаров, Керімқұлов көшесін асфальттауды, ескірген электр бағаналарын ауыстыруға ықпал етілуін сұранды. Сондай-ақ, ауылдағы тазалық мәселесін, елді мекенге дәрігерлік амбулатория қажеттігін айтып өтті. Жастарға 2,5 пайызбен несие алуына көмек көрсетуді сұранды.
Одан бөлек, Қазығұрт ауданының намысын Түрістан облыстық турнирлер мен чемпионаттарда қорғап жүрген «Қазығұрт 2020» футбол командасының мүшелері Б.Жаппаркулов, Д.Жанабаев аталған командаға демеушілік танытуды сұранды.
Айта кетейік, аталған команда 2020жылы құрылған,құрамы ауданымыздың 16 жас ойыншыларымен жасақталған.Өткен 3 жылдың көлемінде, Түркістан облысының чемпионы, Шымкент қаласының чемпионы, 2021 жылы Арыс қаласында өткен облыстық турнирде 1-орын, 2022 жылы Төлеби ауданында өткен Түркістан облысы спартакиядасының чемпионы атанды. 2022 жылы Астана қаласында Еліміздің әр өңірінен жиналған 64 команданыңы ішінен жүлделі 2-орынды жеңіп алып, Еуропаға жолдама ұтып алған.
Ал, Жаңаталап елді мекенінен келген көп балалы ана А.Умбетова тұрақты жұмысқа орналасуға көмек беруін сұранды.
Нәтижесінде:
Қабылдауда болған тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдаған халық қалаулысы Ж.Архабаев әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап берді. Аалдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстап, жауапты мамандармен байланысып жұмыс жасайтындығын айтып өтті.