АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Бәйдібек ауданының прокуроры Н.Ешенқұловтың тұрғындарымен кездесуі Ағыбет, Алғабас және Мыңбұлақ ауылдық округтерінде жалғасын тапты.
Жиынға жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың, аудандық полиция бөлімінің, дербес бөлімдер мен ауыз су, электр жарығы, интернет жүйелеріне байланысты мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Кездесу барысында тұрғындардың көкейінде жүрген өзекті мәселелер: жайылым жер, ауыз су, интернет жүйесі, электр жарығы бойынша сұрақтарына жауаптар беріліп, құқықбұзушылық және кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылық профилактикасы, суицид, ерте жүктілік, жол көлік оқиғалары, мал ұрлығы, алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтық қылмыстары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу қорытындысымен
бірқатар мәселелер назарға алынып, оңды шешімін табу мақсатында хаттамаға енгізілді.
Тиісті жұмыстарды жүргізу үшін жауапты мекемелерге аудан прокуроры тарапынан тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ