Түркістан облысына қарасты аудан қалалық "Жастар ресурстық орталығы" КММ және "Халықты жұмыспен қамту орталығы" мамандары мемлекеттік бағдарламалар бойынша сауда орталықтарында, жастар көп шоғырланатын орындарда және ауылдық округтерге қарасты шалғай орналасқан ауылдарда мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен насихаттау барысында,17 аудан, қала бойынша 82 кездесу ұйымдастырылып, 4825 жас қамтылды.
Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру.
Түсіндірме жұмыстары барысында аудан, қала жастарына мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: "Жастар практикасы", "Алғашқы бос жұмыс орны", "Қоғамдық жұмыс", "Әлеуметтік жұмыс орны", "Бастау-Бизнес" және "Ұрпақтар келісім-шарты" жөнінде ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды. Биыл бұл бағдарлама аясында 5,8 мың жас, 5.000.000 (бес млн.) теңге көлемінде шағын несие ала алады.