Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов Манкент ауылдық округінің тұрғыны Л.Жанназаровты қабылдады. Қабылдау барысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында 2,5 пайыздық несиелендіруге көмек көрсету, электр жарығын ретке келтіру үшін трансформатордың тетігін жөндеу, ауыз судың тұрақты берілуін қадағалауға алу секілді мәселелерді жеткізіп, олардың шешу жолдарын қарастыруды сұранған болатын.
Тұрғынның талап-өтініштері тыңдалып, сала басшылары тарапынан шешу жолдары заң аясында түсіндірілді. Мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарына сәйкес, барлық ауылдық округтері тұрғындарының тұрмыс жағдайымен, шаруашылықпен айналысуына талдау жүргізілген. Нәтижесінде «Ауыл аманаты» бағдарламасының пилоттық жобасына жағдайы төмен және ауыл шаруашылығына қолайлы деп танылған Жібек жолы және Ақбұлақ ауылдық округтері ұсынылған. Ал, коммуналдық жүйелердің қызметіне қатысты мәселелер бақылауға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, аудан әкімі аппараты персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімшесінің басшысы Ғ.Айтқұлов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Олжаев және аудандық кәсіпкерлік палатасының басшысы Ғ.Байболов қатысты.