САРЫАҒАШ: АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫҒА ҮЙ ТАБЫСТАЛДЫ

САРЫАҒАШ: АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫҒА ҮЙ ТАБЫСТАЛДЫ

Ауданның жанашыр кәсіпкерлерінің демеушілігімен Құркелес ауылдық округі, Алғабас елді мекенінен аз қамтылған отбасыға, яғни Дилнур Базарбайқызының жанұясына 4 бөлмелі үй салып берді.
Аталған отбасының қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Арман Айдарұлы арнайы барып, тұрғын үй иесіне үйдің кілтін табыстады. Қоныс тойға арнайы келген аудан әкімі жомарттық жасаған азаматтарға ізгі тілектерін айтып, үйдің қызыл лентасын қиып, теледидар табыс етті.
Бүгінгі таңда тұрғын үй толығымен аяқталған. Баспана іші қазіргі заман талабына сай жабдықталып, жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Бірнеше жылдан бері пәтер жалдап тұрып келген отбасының бүгінде өз баспанасы бар. Ас үй мен қонақ бөлмесі де ерекше безендірілген. Сонымен қатар, үйге қажетті жиһаздармен толық қамтамасыз етілген. 3 баланы тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасы күнделікті жалдамалы жұмыстан табатын табыспен күн көріп келуде. Дилнур – бүгінгі таңда жұмыссыз, себебі 2 жасқа толмаған баласының күтіміне байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ
Жалпы, жұртқа қайырымдылық жасау – мұсылмандық әр азаматтың борышы. Жақсылыққа ұмтылған жандар арқылы баспаналы болған отбасы демеушілерге өз алғыстарын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ