СОЗАҚ: КЕЗЕКТІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ҚЫЗЕМШЕК КЕНТІ МЕН ЖУАНТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

СОЗАҚ: КЕЗЕКТІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ҚЫЗЕМШЕК КЕНТІ МЕН ЖУАНТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің кезекті есеп беру жиыны Қыземшек кенті мен Жуантөбе ауыл округінде жалғасты. Жиын барысында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жоспарларымен бөлісті. Өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын айтып өтті. Тұрғындар өтініш-пікірлерін айтып, әр сала бойынша ұсыныстарын жеткізді. Аудан басшысы көтерілген мәселелерді орындау үшін жауапты мекеме, бөлім басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеді.
Аталған жиын Жуантөбе ауыл округінде жалғасты.
- Бүгін міне сіздердің мұң- мұқтаждарыңызды тыңдап, шешу жолын қарастыру үшін келіп отырмыз. Тек мұндағы емес, жалпы аудан бойынша жасалу керек мәселелер маған етене таныс. Сіздермен бұған дейін де бірнеше мәрте кездесіп, ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, қажетті жұмыстарды атқардық. Әрине, биылғы жылға да жоспарларымыз бар. Ауылдық мәдениет үйі ғимараты мен жылу қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржысы қаралды. Бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу үшін құжаттар әзірленуде. Сонымен қатар, Жуантөбе ауылдық емханасынан тұрғындардан анализ алатын лаборатория ашу үшін зертханалық аппараттар алынды. Ендігі кезекте арнайы маман тесттен өтіп, сертификат алған жағдайда анализ қабылдау жұмыстары жүргізілетін болады,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Жиын соңында тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдап, бірқатарын дер кезінде шешіп берсе, біршамасын назарға алынғанын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.
Есептік жиындарға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, бөлім, мекеме басшылары мен бірқатар сала мамандары қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ