Түркістан облысының білім беру ұйымдарында «ICILS–2023» және «TIMSS–2023» Халықаралық зерттеулерінің негізгі кезеңі басталды.
Түркістан қаласы, №14 Қазыбек би атындағы жалпы орта мектебінің базасында 20 сәуір күні «TIMSS–2023» халықаралық зерттеуі өтті. Зерттеудің мақсаты – бастауыш және орта мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық даярлығының сапасын бағалау.
Зерттеуге 4, 8-сынып оқушылары қатысты. Математика және жаратылыстану пәндері бойынша тест тапсырды.
Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылу барысында оқушыларға қолдау көрсету мақсатында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Садыкова Ардақ Мәдіханқызы, «Білім беруді дамыту орталығының» КММ директоры Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл Шайхықызы оқушылармен сұхбаттасып, керібайланыс жасалды.
«TIMSS–2023» халықаралық зерттеуі компьютерлік форматта өтті. Аталмыш мектепте зерттеу өткізу кезінде барлық талаптар сақталды. Зерттеу барысын А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының өкілі Сыздыкбаева Ризагуль Сериковна бақылады. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар және 4-8 сынып оқушылары сауалнама сұрақтарына жауап берді.