ТӨЛЕ БИ: МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТЫҢДАП, ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНЫП, НАҚТЫ ЖАУАПТАР БЕРДІ

ТӨЛЕ БИ: МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТЫҢДАП, ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНЫП, НАҚТЫ ЖАУАПТАР БЕРДІ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер табиғи газ мәселесіне қатысты сұрақтарын қойып, инвест жобаларын таныстырды.
Ленгір қаласы І мөлтек ауданның көпқабатты үй тұрғындары мемлекет меншігіндегі арендалық пәтерлерін қосымша жабындымен қоршауына байланысты, табиғи газ құбырларына күш түсіріп, апатты жағдай туындаған. Осы мәселеге қатысты «ҚазТрансГаз Аймақ» аудандық филиалы тарапынан балконды жабдықтау нормаға сәйкес еместігі айтылып, оны алып тастау жөнінде ұсынысын жеткізді. Қабылдауға келгендерге сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлердің мемлекет меншігі болып табылатыны, оған өзгеріс енгізу үшін арнайы рұқсат алу қажеттігі түсіндірілді. Тұрғындардың өтінішін ескере келе, «ҚазТрансГаз Аймақ» аудандық филиалымен заң аясында шешу жолдары қарастырылады.
Кенші көшесінің тұрғындары табиғи газға қосыла алмай отырғанына, құжаттарды реттеу жұмыстары біршама уақытқа созылғанына шағымданып, аудан әкімінен аталған мәселені шешуге көмек сұрады. Аудан басшысы газ тасымалдаушы мекеме басшыларымен сөйлесіп, шілде айына дейін көшенің табиғи газға қосылуына ықпал ететінін жеткізді.
Зертас елді мекенінің тұрғыны, кәсіпкер жеке инвест бағдарламасын дайындап келгенін, балық шаруашылығын қолға алу үшін арнайы орын қажеттігін айтып, конкурс арқылы оны сатып алу мүмкіндіктерін сұрастырды.
Заңгер, жерді заңдастыру құжаттарын арнайы бағдарлама арқылы жібергенімен, қаулы дайындау мерзімінде кемшілік орын алғанына шағымданды. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы орын алған олқылықтарды тез арада реттеуді тапсырып, нәтижесін бақылауында ұстайтынын айтты.
Кемеқалған елді мекенінің тұрғыны жеке баспанасын тұрғызу үшін жер пәтер кезегінде тұрғанын, баспаналы болу мақсатында көпбалалы отбасы ретінде пәтерге кезекке ілінгенін айтып, жер бөлу мәселесіне қатысты сұрақтарын қойды.
Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы тұрғындардың барлық мәселесін мұқият тыңдап, шешу жолдарын ұсынып, нақты жауаптар берді. Олардың мұқтаждықтарын заң аясында қарап, мәселелерін оңтайлы шешуге ықпал ететінін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ