ТӨЛЕ БИ: ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖОБАЛАР МЕН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

ТӨЛЕ БИ: ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖОБАЛАР МЕН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің екінші тоқсандағы он бірінші кездесуі Зертас ауылдық округінде өтті. Кездесу Зертас Мәдениет үйінде өтіп, оған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Әуезханұлы Серікбаев төрағалық етті.
Конституциялық заңның 17 және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы кездесу барысында Лесбек Әуезханұлы 2023 жылдың үш айында округ аумағында жүзеге асатын жобалар мен ақпан айында өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер негізінде атқарылған жұмыстар барысын баяндады.
- 2023 жылдың 21 ақпанында өткен есепті кездесуде Сіздер шешімін күткен 4 мәселе көтерген едіңіздер. Сол мәселелерді шешу бойынша іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 3 мәселе өз шешімін табуда, атап айтқанда:
1. Зертас елді мекеніне 64,0 шақырым су құбыры тартылып, 2 дана (1200м3/куб) резеруар қойылып, 531–дана су құдық орнатылды. Резеруарлар ішіне су толтырылып, ішкі жүйелерге су жіберілді. Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Сондай-ақ, резеруардың айналасын көгалдандыру, асфальттау, тал егу жұмыстары және ішкі жүйелер реттелуде. Жалпы жұмыстарды 2023 жылдың маусым айында аяқтап пайдалануға беріледі.
2. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан Зертас елді мекені, Жамбыл көшесіндегі ескірген электр бағаналарының жарты бөлігі ауыстырылған болатын, қалған бөлігі 2023 жылдың қыркүйек айына дейін ауыстырылатын болады.
3. Аудандық жер комиссиясы тарапынан Зертас ауылы Шомшақты көшесі аумағынан Теле2 операторына антенна орнатуға тиісті жер телімін беру туралы шешімі шығарылып, қазіргі таңда мемлекеттік акті алу бойынша құжаттары рәсімделуде. Теле2 операторымен 2023 жылдың соңына дейін базалық станция қою жоспары бар. Оператордың қаржылық және даму жоспарына сәйкес өзгерістер болуы мүмкін!
Қалған 1 мәселені шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аудан бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойына 6 дана «Сергек» орнату бойынша облыстық сессия қарауына ұсынылды, қаржыландырған жағдайда орнатылатын болады, деді өз сөзінде Лесбек Әуезханұлы
Есепті кездесу барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Әуезханұлы тұрғындарды толғандырған сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің орындалу мерзімі мен жолдарын түсіндіріп өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ