ҚАЗЫҒҰРТ: АЛТАЙ КӨЛГІНОВ ҚАЗЫҒҰРТҚА АРНАЙЫ ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

ҚАЗЫҒҰРТ: АЛТАЙ КӨЛГІНОВ ҚАЗЫҒҰРТҚА АРНАЙЫ ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен аймағымызға келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Қазығұрт ауданына да арнайы ат басын бұрды.
Атап айтсақ, вице-премьер Түркістан облысы бойынша бірқатар денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралау сапары барысында Сарапхана ауыл округіне келді. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірнеше өзекті мәселе көтеріліп, сұрақтар қойылды. Аталған мәселелер жан-жақты талқыланып, А.Көлгінов барша сұрақтарға нақты жауап берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...