«ROBOTUR» ІІІ ОБЛЫСТЫҚ МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

«ROBOTUR» ІІІ ОБЛЫСТЫҚ МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Ғылыми қызметкерлер күніне орай Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен педагогтер арасында Робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың тетігін «ROBOTUR» байқауымен ұштастырды.
Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында өткен байқауға Түркістан облысының 17 қалалық, аудандық білім бөлімдері және 13 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 18 құрама команда қатысты.
Байқау мақсаты: Облыстағы робототехника мұғалімдерінің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірибелерін жинақтау және тарату. Білім беру кеңістігін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру еді.
Байқау 4 санаттан тұрады:
- Mini sumo санаты;
- Asyq atu санаты;
- Robo Aq suiek санаты;
- Робофутбол санаты.
4 санат бойынша орындар саны
- І орындар саны – 4;
- ІІ орындар саны – 4;
- ІІІ орындар саны – 7;
- Номинациялар саны – 11;
Алғыс хат - 1.
Жалпы есептік кезең бойынша байқау нәтижесінде:
І орын – жылжымалы кубок Жетісай ауданы;
ІІ орын – Сарыағаш ауданы;
ІІІ орын – Қазығұрт ауданы еншіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ