ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ СЫЙЛАҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ СЫЙЛАҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС

Жеңіс күні – біз үшін мақтан тұтар даңқымыз бен абыройымыздың белгісі. Ұлтымыздың рухының биіктігі ұлы Жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің қасиетті Отанына, жеріне деген ұлы сезімін дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқалары.
Жеңіс күні — Қазақстанда мамырдың 9 (Батыс Еуропада мамырдың 8. Себебі Капитуляция актіне Орталық Еуропа уақыты бойынша 22:43, мамырдың 8 қолтаңба қойылды, ал Мәскеу уақыты бойынша бұл 0:43, мамырдың 9) мемлекеттік мереке болып табылады. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады.
1941 — 1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.
Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғынға елімізден аттанғандардың ішінен 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы - қазақтар. Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары нақты айтқанда, 1946 жылы Құдайберген Сұрағанов, 1965 жылы генерал Сабыр Рахымов, ал 1990 жылы Бауыржан Момышұлы алды. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский, ал Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі И.Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.
Жеңіс туы мәңгілік ұрпақ жадында. Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ