Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттары Серік Егізбаев, Еркебұлан Мәмбетов, Жигули Дайрабаев, Айдарбек Қожаназаров, Ислам Сұңқар, Ғалымжан Елеуов, ҚР Ауылшаруашылығы Вице-министрі Әбілхайыр Тамабек және бір топ министрлік өкілдері жұмыс сапарымен
Ордабасы ауданына келді.
Халық қалаулылары Бадам ауылдық округінде орналасқан “Аделя” өндірістік жылыжай кешенінің және “Бөрте милка” серіктестігінің жұмысымен танысты.
Аталған өндірістік жылыжайда еліміздегі жылыжайлардың, оның ішінде ірілерін гектарына қарай субсидиялау, жылыжай шаруашылықтарына электр энергиясының, табиғи газ бен көмірдің бағасын реттеу мәселелері кең талқыға түсті. Бірқатар ұсыныстар айтылды. Олар бойынша депутаттар тиісті министрлікпен бірлесіп, алдағы уақытта ұтымды шешім қабылдайтындықтарын жеткізді.
Ал, “Бөрте милка” серіктестігінде болған Мәжіліс депутаттары заманауи үлгіде жабдықталған, сүт өнімдерінің бірнеше түрін өндіріп отырған ферманың жұмысына таңданыстарын білдіріп, өзге өңірлерге үлгілі жоба екенін жеткізді.