РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов реновациялау бағдарламасы аясында салынатын тұрғын үйлердің инфрақұрылым жүйелерін жүргізу бойынша арнайы жиын өткізді. Басқосуда бағдарламаны іске асыру тетіктері мен құрылыс барысы талқыланды.
Қазір қала аумағында тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы аясында тозығы жеткен 6 үйді бұзып, заманауи талапқа сай жаңа тұрғын үй кешенін салу жоспарланып отыр.
Құрылыс жұмыстары жергілікті халықтың келісімі негізінде жүргізіледі. Жаңа бағдарлама қала көркін қашыратын ескірген ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынып отыр.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға бағдарламаны тиімді іске асыруды, инженерлік жүйелер құрылысын талаптарға сай жүргізуді тапсырды.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және елдімекендерді газдандыру мәселелері қаралды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов аймақтарды газдандыру барысы туралы баяндама жасады. Министр «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының қуатын ұлғайтқаннан кейін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-3-ші кезеңдерін салу арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды жүзеге асыруды ұсынды. Премьер-Министр аталған ұсыныстар бойынша түпкілікті шешімді 1 мамырға дейін қабылдауды тапсырған болатын.
Мегаполистің даму жоспарына сәйкес былтыр елдімекендерді газдандыру мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қаладағы 81 елдімекеннің 31-і жартылай газбен қамтылған. Сондай-ақ 2 магистралды желі мен 8 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 28 мыңнан астам адамға табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік берілді. Жоспарға сәйкес 8 нысанның құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы елді мекендер 100 пайыз газдандырылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ