ШЫМКЕНТ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МУЗЕЙІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МУЗЕЙІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің музейіне «Есіту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының» оқушылары экскурсия жасап келді. Музей меңгерушісі Гульнар Шалқарқызы Полиция департаментінің құрылу тарихына тоқталып, тарихи ескерткіштер мен құнды экспонаттарды көрсетіп өтті.
Мұндай іс-шаралар тарихты тереңірек білуге, сондай-ақ әлеуметтік туризм саласын кеңінен дамытуға, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімделуіне мүмкіндік береді.
Еліміздің прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі - физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өзінің қорғалуын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтарын қорғау.Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарының сақталуына Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы талдау жүргізіп, нәтижесінде аудан аумағында орналасқан отыз тоғыз ғимарат (сегізі мемлекеттік және отыз бірі кәсіпкерлік) қоларбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіріп-шығуына бейімделмегені және он екі автотұрақта мүгедектердің көлік құралдарын қоюына арналған арнайы орындар мүлдем қарастырылмағанын анықтаған.Осы орайда, Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы мемлекеттік уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті) енгізген қадағалау актісі негізінде нысандар мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіріп-шығуына бейімделіп, олардың құқықтары қалпына келтірілді.
Оқушыларға арналған экскурсия «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығымен ұйымдастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ