Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі мен «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында газ және газ мотор отыны саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды. Басқосуға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов және ұлттық компанияның басқарма төрағасының орынбасары Акбар Төлегенов және өзге де жауаптылар қатысты.
Алдағы уақытта меморандум негізінде компания бөлінген жер учаскелеріне автомобильдік газ толтыруға арналған 3 компрессорлық станциялар салуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бүгінде қалада қоғамдық көліктер сұйытылған газбен жүреді. Алдағы уақытта барлық коммуналдық техниканы сұйытылған газға көшіру жоспарлануда. «QazaqGaz» ұлттық компаниясы салатын станциялар осы техникалардың барлығын сұйытылған газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Айта кететін, Әл-Фараби ауданында табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99% құрайды. 2022 жылы «Ақтас-2» елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мердігер мекеме 195-орамынында «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілді.
276-орамынында мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталу жоспарлануда.
Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтенов Тассай шағын ауданын инженерлік инфрақұрылым жүйелермен қамтамасыз ету жұмыстарын тексерген болатын. Қазір елдімекенге табиғи газ, кәріз жүйелері жүргізілуде. Бүгінге дейін газдандыру құрылысы 70 пайызға, кәріз жүйелерін жүргізу 87 пайызға аяқталған.
Мегаполистің даму жоспарына сәйкес былтыр елдімекендерді газдандыру мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қаладағы 81 елдімекеннің 31-і жартылай газбен қамтылған. Сондай-ақ 2 магистралды желі мен 8 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 28 мыңнан астам адамға табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік берілді. Жоспарға сәйкес 8 нысанның құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы елді мекендер 100 пайыз газдандырылады.
Сондай-ақ Үкімет басшысы тозығы жеткен газ желілерін тұрақты бақылау қажеттігін ескерткен болатын.