МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «ҚАНДАЙ ДА БІР ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДА ХАЛЫҚ ПІКІРІН ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ»

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «ҚАНДАЙ ДА БІР ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДА ХАЛЫҚ ПІКІРІН ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ»

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен мәжілісте аудандарда осы аптада ретсіз сауда мен санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды. Қазір қала аумағындағы тазалық шараларына 300-ден астам адам, 50-ден аса техника жұмылдырылған. Арнайы бригадалар 40-қа жуық секторда жұмыс жүргізуде. Тұрмыстық қалдықтар көпқабатты тұрғын үйлерден күн сайын, жеке секторлардан аптасына 1-2 реттен жиналуда.
«Туындаған мәселелерді дер кезінде шешу үшін халықпен тұрақты кездесулер ұйымдастырып, қандай да бір шешім қабылдауда тұрғындардың пікірін ескеріңіздер. Әр ауданда өзекті мәселелер бойынша арнайы мониторинг жүргізіліп отыруы тиіс» - деді қала әкімі.
Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы қала тазалығын сақтауда қоғамдық мәдениетті қалыптастыру қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар жауаптыларға аудандарда ретсіз саудамен күресті жою үшін рейдтік шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды.
Жалпықалалық сенбілікке қатысқан көпшілік аумақтарды абаттандырып, саябақтар мен гүлзарларды, тратуарларды қоқыстан тазартты. Жұмылдырылған 80 техниканың көмегімен барлығы 200 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды.
Еске салар болсақ, кезекті сенбілік жұмыстары Жангелдин көшесінің 28,30,20,20А және 32 үй аулаларында өтті. Санитарлық тазалық жұмыстары барысында балалар ойын элементтері сырланып, аулалар сыпырылды.
Тұрғындарға қолайсыздық туғызатын қураған ағаштар кесіліп, шөп орылды.Сондай-ақ ауданның басты көшелері бойындағы аялдамалар жуылып, қоқыс жәшіктері ретке келтірілді.
Тазалық шаралары аудан аумағында апта сайын тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқын алды.
Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы жол қозғалысына кедергі жасайтын ретсіз сауданы жойып, жолдарды кеңейту бойынша ұсыныстар дайындауды ескертті. Жаяу жүргіншілер жиі өтетін өтпелдерге бағдаршам орнатуды, жол белгілерін көруге кедергі жасайтын жасыл желектерді ретке келтіруді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ