“ОРДАБАСЫ”-“АҚТӨБЕ” КОМАНДАЛАРЫНЫҢ ОЙЫНЫН 18 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАМАШАЛАДЫ

“ОРДАБАСЫ”-“АҚТӨБЕ” КОМАНДАЛАРЫНЫҢ ОЙЫНЫН 18 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАМАШАЛАДЫ

Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші туры аясында «Ордабасы» - «Ақтөбе» командалары арасында кездесу өтті. «Ордабасы» командасы өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады.
Футбол – халықтың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың ең қолжетімді, танымал және бұқаралық сипаттағы спорт түрлерінің бірі. Дене тәрбиесінің қалпытасуында ойын жетекші орын алады. Футбол — достық, жолдастық, өзара көмек сезімін қалыптастырады; жауапкершілікті сезіну, серіктестер мен бәсекелестерге құрмет, тәртіп, белсенділік сияқты құнды адамгершілік қасиеттерді дамытады. Әрбір футболшы өзінің жеке қасиеттерін көрсете алады. Мәселен, дербестік, бастамашылық, шығармашылық. Сонымен бірге ойын жеке ұмтылыстарды ұжым мүддесіне бағындыруды талап етеді.
Жалпы бұл спорт түрі дене шынықтыру мен спортты насихаттаудың қуатты құралы. Адал жекпе-жек өнері, жоғары орындаушылық шеберлік, дене шынықтыру миллиондаған жанкүйерлердің терең қанағаттануын, ләззатын, қуанышын ғана емес, сонымен қатар кез-келген жасөспірімді футбол алаңдарына, спорт алаңдары мен залдарына әкелетін қызығушылықты тудыратын спорт. Көптеген атақты спортшылар спорттық өмірбаянын футболға деген құштарлықтан бастады.
Қажымұқан атындағы стадионда өткен матчта есеп тең аяқталды.
«Ордабасы» - «Ақтөбе» 1:1 (0:0).
Гол: Видемон 65, Малый 90+6.
Төреші: Кучин Артем (Қарағанды).
Еске салар болсақ, араға 11 жыл салып «Ордабасы» клубы футболдан Қазақстан Кубогінің жеңімпазы болған еді.
Жалпы Ордабасы — Қазақстандық кәсіби футбол клубы, Шымкент қаласынан. 1998 жылы пайда болған, Қазақстан Премьер Лигасында ойнайды. Қазақстан Кубогының және Суперкубогының жеңімпазы. Клубтың негізгі формасы ақ, сыртқы формасы көк болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ