ШЫМКЕНТТІК ТӘРТІП САҚШЫЛАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ШЫМКЕНТТІК ТӘРТІП САҚШЫЛАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы ақпараттандыру мақсатында қала деңгейінде ақпараттық кампания ұйымдастырылды. Кампания барысында Шымкент қаласы полиция департаментінің Әл-Фараби, Абай, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандық полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелері мен «Сана Сезім» ӘБҚО ҚБ, «№3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ҚМУ, сәйкес аудандық әкімдіктердің қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің өзектілігін түсіндірді. Іс-шара барысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрлері, зардап шеккендерге көрсетілетін көмек және Шымкент қаласында жоспарланған іс-шаралар жайлы айтылып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тәртіп сақшылар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы іс-қимылдың құқықтық негіздері және мұндай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қаралатынын атап өтті.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 2500 іс сотта қаралды. Енді өзіңіз салыстырмалы түрде қарап отырсаңыз 5000 істің 2500 сотта қаралды деген тең жартысы. Алдыңғы жылдармен салыстырсақ дәл сондай статистика сақталып келеді. Себебі қорғау нұсқамасын біз шақыртуға барғанда міндетті түрде шығарамыз. Қауіптің барлығы әйелдің көзінен көрініп тұрады. Ары қарай шағымданбай біз өзіміз татуласамыз деп жатса немесе әкімшілік іс қозғайтындай негіз болмаса онда хаттама толтырылмайды. Материал сотқа жіберілмейді. Бірақ жәбірленушінің құқықтары мен бостандықтарын денсаулығын қорғау мақсатында қорғау нұсқамасы шығарылады. Көбінесе әйел адамдар ұрған күйеулеріне жандары ашиды. Бұл жерде әйел адам кеңірек ойлайды. Отбасындағы тыныштықты, өзінің отағасын ойлап арыз жазбайтындар да болады.
Сондай-ақ, полицейлер тарапынан мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасамауға, ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық-зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңес береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ