ҚАЛА ӘКІМІ МҮГЕДЕКТІКТІ АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ МҮГЕДЕКТІКТІ АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

Бүгін қала әкімінің қатысуымен өткен жиында ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары талқыланды.
Қалада бүгінде мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға 11 орталық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерге арнайы портал арқылы тапсырыс беруде.
Сондай-ақ жиында ересектер мен балалар арасындағы мүгедектікті алдын алу, ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың өзекті мәселелері қарастырылды.
Қала әкімі жауаптыларға арнаулы қызметтерді жақсарту бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, мүгедектікті азайту үшін отбасын жоспарлау, ата-аналар арасында репродуктивті денсаулықты түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертті.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 37 337 мүмкіндігі шектеулі азамат (2021 ж. – 36 537) тіркелген, оның ішінде:
- бірінші топтағы мүгедектер – 3 441 (2021 ж. – 3372);
- екінші топтағы мүгедектер – 14 717 (2021 ж. – 14 556);
- үшінші топтағы мүгедектер – 12 335 (2021 ж. – 12 191);
- 18 жасқа дейінгі 6 844 мүгедек балалар (2021 ж. – 6418) тіркелген.
Нақты айтатын болсақ төмендегі жұмыстар жүргізілді:
- протездік-ортопедиялық құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 4 108 өтініш қабылданып, 1 310 құрал қамтылды (41,8%) (2021 жылы – 6307 өтініш қабылданып, 4382 адам қамтылды (69,5%);
- сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 10 132 өтініш қабылданып, 7 957 құралдармен қамтылды (78,5%) (2021 жылы – 16 322 өтініш қабылданып, 14 846 қамтылды (91%);
- мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 573 өтініш қабылданып, 225 құрал қамтылды (39,2%) (2021 жылы – 1276 өтініш қабылданып, 1163 адам қамтылды (91,1%);
- жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 542 азамат мұқтаж болса, 2 159 азаматқа қызмет көрсетілді (85%) (2021 жылы – 2494 азаматқа);
- 8 033 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 1 200 азамат қамтылды (15%) (2021 жылы –5602 азаматтан өтініштер қабылданып, 4778 адамға жолдама берілді (85,3%);
- мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 18 көлікке 420 өтінім қабылданып, қызмет көрсетілуде (2021 жылы – 1200 өтінім);
- Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 55 автокөлікке 567 өтініш қабылданып, қызмет көрсетілуде (2021 жылы – 651 өтінім);
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 175 жолдама берілді (2021 жылы – 1 215 жолдама);
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 198 жолдама берілді (2021 жылы – 1641 жолдама).
Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға Басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және Басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ