БИЫЛ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

БИЫЛ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Жыл соңына дейін қалада Жұмысшы жастар тұрғын үй бағдарламасы аясында 888 азамат арендалық пәтермен қамтылады. Тиісті заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, бірқатар мемлекеттік қолдауларға ие болуда.
Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз пәтерлер енді 3 жыл мерзімге берілетін болады.
Үміткердің өтініш бергенге дейін соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде болу тиіс. Сонымен қатар қатысушының айлық табысы 40 АЕК - тен кем болмауы қажет.
Бағдарламасы аясында 2020 жылы 904, 2021 жылы 300, былтыр 857 пәтер берілген. Өтініш берудің биылғы кезеңі алдын ала хабарланады.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін қалада 40 көп қабатты тұрғын үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатыр, тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 591 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 380 азамат пен Отбасы банкі арасында келісім шарт түзіліп, тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызына мемлекет тарапынан төлемдер аударылды.
Субсидия - мемлекет тарапынан төленетін тұрғын үй кезегін күткен азаматтардың жалдамалы пәтерлері арендалық құнының 50 пайыздық ақысы. Бағдарлама талаптарына сәйкес бұл жеңілдікке пәтер кезегіндегі 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалар, оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар өтініш бере алады.
Өтініш берушінің отбасыдағы соңғы 6 айдағы табысы адам басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен(яғни 1 КМ=40 567 теңгеден) аспауы тиіс.
Азаматтар субсидиялауға қатысты сұрақтары бойынша Отбасы банк кеңесшілеріне жүгіне алады.
Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-не өтінім бере алады.
Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ