АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ 500 АДАМҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ 500 АДАМҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Бүгін Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткен Ашық есік күнінде 500 адамға мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңестер берілді.
Тұран ауданының жұмыспен қамту бөлімшесінде өткен шарада мамандар кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясындағы жұмыспен қамтудың белсенді шараларын кеңінен түсіндірді.
Жастар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастар бизнесін қолдауға арналған шағын несиелеу бағдарламасының талаптарымен танысты. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін мемлекеттік грант шарттары түсіндірілді.
«AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасында жас кәсіпкерлерді қолдау шаралары қамтылған.
Биыл қалада 447 адамға 400
АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант және 21-35 жас аралығындағы 261 жасқа жеңілдетілген шағын несие беру жоспарлануда.
Тұран ауданы мегаполис аумағының 32%-ын құрайды, яғни жалпы аумағы 36,3 мың га. Халық саны 220,7 мың. Жаңадан ашылған бөлімше күнделікті 100-200-ге жуық адамды қабылдай алады. Штаттық бірлік 25 адамнан құралған. Мекеме ішінде күту залы, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек бөлімі қарастырылған.
Айта кетейік, Тұран ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесіне Қазыбек би көшесі бойынша № 84, 113, 114, 182 бағытындағы жолаушылар көлігі қатынайды. Ал, Дулати көшесінен №84, 113,182 жолаушылар көлігі арқылы "Некрасова" аялдамасынан бөлімшеге қатынай аласыздар.
Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесінде пробация есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін 12 жұмыс беруші мекеме 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде іс-шараға қатысқан пробация есебіндегі 40 азаматтың 17-і, ал 26 алимент бойынша борышкер азаматтың 12-і жұмысқа жолдама алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ