БИЫЛ ШЫМКЕНТТІКТЕР 100% САПАЛЫ ӘРІ АРЗАН ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТІКТЕР 100% САПАЛЫ ӘРІ АРЗАН ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Биыл қала аумағындағы барлық елдімекенге сапалы электр энергиясы жеткізіледі. Жыл соңына дейін 8 шағынауданда құрылыс аяқталып, қаланы үздіксіз электр жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
Нәтижесінде абоненттер жарыққа екі есе арзан төлем жасайды. Тұрғын үйлерді электр желісіне қосу жұмыстары тегін жүргізіледі.
Мемлекеттен тартылған электр энергиясының тариф бағасы: жеке тұлғаларға әр Кв үшін – 17 теңге, заңды тұлғаларға-35 теңге, бюджеттік ұйымдарға-39 теңге болып белгіленген.
Электр желілерін тарту жұмыстары қазір Нұрсат, Қайнарбұлақ, Түркістан, Тұран, Ақжар, Ынтымақ (ПС 110 кв) елдімекендерінде жалғасуда.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу үшін абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс кезінде 68,5 шақырым электр желісі тартылып, 34 трансформатор мен 2 мыңнан аса бағана орнатылды.
Бұл өз кезегінде тариф құнын да төмендетіп отыр. Осыған дейін жергілікті тұрғындар бір текше метр үшін 25-30 теңге аралығында төлем жасаса, бұдан былай тариф құны 17,9 теңгеге дейін арзандайды.
Абай аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 25 елді мекені (92,7%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр.
Асар-2 шағын ауданы электр жарығымен 70% қамтылған болса, Қайнарбұлақ тұрғын алабы электр жарығымен 24 % қамтылған.
Жыл соңына дейін аудандағы 12 көше жарықтандыру жүйелеріне қосылады. Бірінші кезекте шағынаудандардағы әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелер жарықтандырылады.
Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдар аралығында 312 көшені жарықтандыру жоспарланып, бұл бағытта тиісті келісім шарттар жасалды.
Қалада жарықтандырылған көшелердің қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. 2020 жылы мегаполистегі орталық маңызы бар 747 көшенің 220-сына ғана жарық жүйелері тартылған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ