Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі дамуының Бас жоспары әзірленіп жатыр. Бұл жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қаланың геоақпараттық жүйесі жасақталуда.
Геопортал бүгінде сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Электрондық жүйе де осы кезеңде толықтай іске қосылады.
Бүгінде қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 17 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Биыл қаңтар-наурыз айларында 13 967 мемлекеттік қызмет көрсетіген.
Оның ішінде құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну қызметі — 1 295 рет, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру қызметі – 5 319 рет, ал, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру қызметі — 1 347 рет, сондай-ақ,
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі — 1 577 рет көрсетілген.
Айта кететін, 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.Атап айтқанда:
1.Нұршуақ (Достық жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
2. Нұршуақ (Ынтымақ жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
3. Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық мектеп.
4. Қатынкөпір шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
5. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп.
6. Достық ш.а 2000 орындық мектеп салу.
2024-2025 жылдары 4 мектеп:
7. Ақниет шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
8. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу.
9. Шымкент Сити ш.а 2000 орындық мектеп.
10. Қайнарбұлақ ш/а Сырым батыр көшесі бойынан 2000 орындық мектеп.
Ал аудан бойынша жалпы 6 мәдени нысандар туралы бар. Сонымен қатар, халық қатысатын бюджет аясында 2023 жылы 23 жоба жасалатын болады. Оның ішінде 15 әмбебап спорт алаңша және 3 спорт алаңша салынатын болды.