ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне жергілікті тұрғын төлқұжатын жасату мәселесі бойынша жүгінген.
Тиісінше, тәртіп сақшылары азаматшаның өтінішін жедел қабылдады. Заң талаптарын толығымен түсіндіріп, құжаттарын заң шеңберінде реттеуге көмектесті. Атқарылған тиісті шаралардың нәтижесінде, жаңа үлгідегі төлқұжат рәсімделіп, иесіне табысталды.
Жалпы көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді. Тұрақты тұрғылықты мекенінің түпкілікті ауысуына байланысты:
- қайтып оралмайтын көші-қон;
- тым ұзақ мерзімге қоныс аударумен байланысты уақытша көші-қон.;
- жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші-қон;
- басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын қатынамалы қөші-қон;
- елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі сыртқы көші-қон;
- ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі көші-қон түрлеріне бөлінеді.
Өз кезегінде, қала тұрғыны Махсуда Көшекбаева: «Әл-Фараби АПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне төлқұжатымды рәсімдеуге өтініш қалдырған едім. Қызметкерлер сапалы қызмет көрсетіп, жедел түрде төлқұжатымды дайындап берді. Сіздерге алғысымды білдіремін»,-деп ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, көші-қон қызметінің барлық сұрақтары бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 97-63-02, 97-63-13, 97-63-37, 97-63-33, 97-63-01, 97-63-07. Сондай-ақ, Шымкент ҚПД Көші-қон қызметі басқармасының Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына өтініштерді жіберуіңізге болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ