ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 73 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 73 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бүгінгі Еңбекші ауданы тұрғындарымен есептік кездесуінде айтылды. Жалпы аудан аумағына қазір 728 көше мен өткел тиесілі. Былтырғы жылы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жүргізілген болатын. Сонымен қатар «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылған. Жоспарға сәйкес биыл 73 көшеге асфальт төселеді.
Жалпы, қалада бүгінде 300 шақырымды құрайтын 276 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 170,8 шақырым жол қолданысқа беріледі.
Жалпы қала аумағында 20 магистраль көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:
1. Д.Қонаев даңғылы;
2. Тәуке хан көшесі (Сайрам көшесінен “Корпарация Береке” ЖШС базасы маңындағы айналма жолға дейін);
3. Қазыбек би көшесі;
4. Желтоқсан көшесі (Бейбітшілік көшесінен Қонаев даңғылына дейін);
5. Назарбеков көшесі;
6. Аймауытов көшесі;
7. Көшеров көшесі;
8. Тыныбаев көшесі;
9. Қабанбай батыр көшесі (Ордабасы алаңынан ТЖ вокзалына дейін);
10. Анаров көшесі (ТЖ вокзалынан Жансүгіров көшесіне дейін);
11. Жансүгіров көшесі;
12. Абай даңғылы;
13. Исмайлов көшесі (Рашидов көшесінен Қорғасын айналмасына дейін);
14. Алпысбаев көшесі;
15. Еділбаев көшесі Ақжайық ш/а;
16. Пазиков көшесі Шапағат ш/а;
17. Измир көшесі;
18. Шанин көшесі;
19. Байтіленов көшесі;
20. Үркімбаев көшесі;
21.Орынбаев көшесі.
Жалпы ұзындығы 351 шақырымды құрайтын 187 жолдың құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. 2-кезең бойынша Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығын қамтиды. Жолдың ұзындығы — 970 шақырым, ені — 23,5 шақырым. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2021-2023 жылдар аралығына жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ