ШЫМКЕНТ-КУТАИСИ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС ЖАНДАНАДЫ

ШЫМКЕНТ-КУТАИСИ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС ЖАНДАНАДЫ

Кутаиси қаласының мэрі И.Хахалейшвилидің шақыруымен Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Қалкабаев пен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова Грузияның үшінші ірі қаласына іс-сапармен барды.
Қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамту — күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылы бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2023-2025 жылдар аралығында 3,3 милионнан астам азаматты, оның ішінде 2,3 млн жас маманды жұмысқа орналастыру көзделген.
Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы – 7 628, 2024 жылы – 8 000, 2025 жылы 8 200 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде былтыр 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Іс жүзінде 39 058 адам қатысып, жоспар 116,3 пайызға орындалған. Жастардың үлесі 43,5 пайызға жетіп, 16 980 адам қамтылды.
Сапар аясында Шымкент пен Кутаиси арасындағы туризм саласында екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағытында кездесулер жоспарланған.
Кутаисиде бүгін қала күні аталып өтуде. Шымкенттік делегация мерекелік салтанатты шараға қатысып, "Достық” аллеясында ағаш көшеттерін отырғызатын болады.
Айта кетейік, мамыр айының соңында "Flyarystan" әуекомпаниясы Шымкент-Кутаиси бағытында аптасына екі күндік әуе қатынастарын жаңғыртпақ.
Еске саларлық, алдыңғы жылы “Visit Shymkent” тарапынан ұйымдастырылған ақпараттық тур 3 күнге созылған еді. Шымкент пен қалаға жақын орналасқан туристік орындармен, мәдениеті және гастрономиясымен танысуға келген туроператорлар мен travel-блогерлер Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресей, Өзбекстан мен Түркиядан келген. Сонымен қатар, туристік-ақпараттық орталықтардың өкілдері де төбе көрсетуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...