Қала тұрғындарының назарына!
Алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне қатысты қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – жарамсыз болып саналады. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды кеңес етпейді.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынған. Бұл ретте Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы "Қылмыстық" кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Жалпы, айта кетерлік жыл соңына дейін қалада Жұмысшы жастар тұрғын үй бағдарламасы аясында 888 азамат арендалық пәтермен қамтылады. Тиісті заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, бірқатар мемлекеттік қолдауларға ие болуда.
Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз пәтерлер енді 3 жыл мерзімге берілетін болады.
Үміткердің өтініш бергенге дейін соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде болу тиіс. Сонымен қатар қатысушының айлық табысы 40 АЕК - тен кем болмауы қажет.
Бағдарламасы аясында 2020 жылы 904, 2021 жылы 300, былтыр 857 пәтер берілген. Өтініш берудің биылғы кезеңі алдын ала хабарланады.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін қалада 40 көп қабатты тұрғын үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатыр, тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 591 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 380 азамат пен Отбасы банкі арасында келісім шарт түзіліп, тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызына мемлекет тарапынан төлемдер аударылды.
Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы ақпарат «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-нің сайтында орналасқан. Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласу қажет.
Тел.: 8 707 201 9150;
8 775 447 78 89;
8 747 309 44 87.