ШЫМКЕНТТЕ 5 БАЗАР ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ 5 БАЗАР ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Шымкент қаласы аумағында жалпы 36 базар жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап 19, мамандандырылған 17 базар бар.
Бірқатар қала базарларының құрылысы ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, яғни базарларды жаңғыртуды қажет етеді. Сондықтан бұл талаптарға сәйкес 19 базар қайта құрылымдалу керек.
Оның ішінде 12 нысан - Бекжан, Шымкент Тұлпар, Исатай (Алатау), Акбар, «Иманалиев» мал базары, Барыс, Жабық базар, Көктем, Жібек Жолы, Жаңа шахар, Назым апа, Көмеш бұлақ базары реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталды.
Ал "Авто Нұр", "Орталық қырғы базар", "Алаш", "Айна", "Самал" базарларына модернизациялау жұмыстары жүргізіліп, сауда қатарларының қызметін ұйымдастыру, сауда базарының аумағын күтіп-ұстау, оны жабдықтау және жарақтандыру талаптарға сәйкестендірілуде.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабына сәйкес, белгіленнен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен қала аумағындағы ретсіз саудаға мониторинг жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды.
Аталған жұмыс тобы қала аумағындағы басты көшелерде белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жыл басынан бері 550 хаттама толтырылып, оның ішінде 407 ескерту, 1 155 750 теңге айыппұл өндірілген.
Шымкент қаласындағы ірі сауда базарларда соңғы 6 жылда 6 өрт орын алды. Ал 2021жылы бірнеше орын атап айтқанда, «Орталық Қырғы» базарында, «Шымкент-Тұлпар» ЖШС қарасты автобөлшектер базарында, «Сайдыгани» ЖШС мен «Альянс» ЖШС-на қарасты базарлар тілсіз жау құрсауында қалды.
Шымкент қаласының ТЖ департаменті жасаған талдауға сәйкес, электр құралдарының техникалық пайдалану және монтаждау тәртібінің бұзылуы көп ретте өрттің шығуына себеп болған.
Осыған байлынысты киімдер мен халық тұтынатын тауарларды сататын сауда орталықтарында болуы мүмкін өрттерді алдын алу үшін өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілуде.
Жаттығу «Автонұр», «Шымкент Тұлпар», «Самал», «Алаш» базарларында өткізіліп, сауда қатарларында электр сымдарының тұйықталуынан орын алған шартты өрттерді сөндіру тәртібі пысықталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ