МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ШЫРҚАЛДЫ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ШЫРҚАЛДЫ

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесі қарсаңындағы іс шаралар топтамасы патриоттық әндер сайысымен жалғасты. Бүгін Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде «Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді» атты әскери патриоттық әндер байқауы өтті.
Өскелең ұрпақты отансүйгішттік пен елжандылыққа тәрбиелейтін іс-шараға 30 үміткер қатысып, көрермендерге әндер шеруін ұсынды. Сарапшылар үміткерлердің тек ән орындау шеберлігіне ғана емес киім кию үлгісі мен сахнада өз-өзін ұстауына да баға берді. Үміткерлердің арасынан оза шыққан өнерпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар мереке қарсаңында мәслихат шешіміне сай тыл ардагерлеріне 12 АЕК немесе 41 400 теңгеден төленеді. Қалада бүгінде 3 ҰОС ардагері және 2183 тыл ардагері, 87 279 зейнеткер тұрады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 2019 жылы өткізген «World Population Prospects» мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы 11 адамның 1-і 65 жастан асқан адам болса, 2050 жылға қарай әлемдегі 6 адамның 1-і осы жас мөлшерінен асады екен. Әлемнің әр түкпіріндегі қоғамдар осы ұзақ өмір сүрудің эволюциясынан өтіп жатыр. Кейбіреуі оның алғашқы сатысында болса, екіншісі әлдеқайда асып кеткен. Батыс зерттеушілерінің айтуы бойынша, олардың барлығы осы деңгейге жетеді.
Бұл күн – елдің қауіпсіздігі мен оны қорғауды, сондай-ақ тәуелсіздікке қауіп төнген сәтте кез келген сыртқы агрессиядан қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскери қызметшілер мен тыл қызметкерлеріне арналған. Осыған орай, ел тұрғындары барлық ер-азаматтарды осы атаулы күнмен құттықтайды.
Қаламыздағы бірқатар білім, мәдени ошақтарда ерлік пен батырлық дәріптелген салтанатты жиындар жалғасуда.
Айта кетсек, Қорғаныс министрлігі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс күніне орай әскери шерудің өтпейтінін хабарлаған еді. Оған себеп – бюджет қаражатын үнемдеу. Дегенмен, ведомстводан аталған мейрамға орай, әскери-патриоттық іс-шаралардың жоспарланғаны мәлім етілді.
Еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Осындай ерекше күні сіздерге бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке-бірлік тілейміз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ