Бүгін №1 қалалық клиникалық ауруханасының базасында 200-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Алдағы уақытта рецепиент қалыпты өміріне қайта оралады.
Мұндай оталар әдетте 7-8 сағат уақытты алса №1 қалалық клиникалық ауруханасының білікті дәрігерлері 3-4 сағатта отаны сәтті аяқтауда. Қазір бүйрек жетіспеушілігімен Шымкент қаласы бойынша 2000-ға жуық науқас тіркеуде тұр және де алдағы уақытта науқастарға жоғарғы медициналық көмек көрсету жүргізіледі.
Шымкент қалалық №2 ауруханасына 22-сәуір күні түнгі сағат 00:10 шамасында жедел-жәрдеммен елу екі жастағы қала тұрғыны аса ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер науқасты бірден жансақтау бөліміне жатқызып, тексеру жұмыстарын жүргізген.
Ауруханаға жетер жолда клиникалық өлімді бастап кешкен азаматша бұған дейін яғни 2016 жылы инсульт алғаны анықталды. Қиындықтарға қарамастан дәрігерлер науқасқа дер кезінде көмекке келді. Дәрігерлердің ептілігі, әрі біліктілігінің арқасында ауыр халдегі жүрегі тоқтап қалған науқастың күретамыр тынысы кенет қайта соқты.
Өмірге қайта келгендей әсерде болған шымкенттік жерлесіміз екі күн бойы өмір мен өлім арасында арпалысқан ақ халатты абзал жандарға алғысын жаудырды. Пациент үшінші күні жансақтау бөлімінен кардиология бөлімшесіне ауыстырылды.
«Науқастың түскен кездегі жағдайы өте ауыр болды. Клиникалық өліммен жеткізілді. Түскен кезде алғашқы көмек көрсетіп, ИВЛ аппаратына қостық. Қазіргі жағдайы тұрақты, науқас кислородсыз өздігімен демалуда», –дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Шераліұлы.
Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасы ерекше балаларға арналған жобаны қолға алды. Жоба аясында бүгін 700-ге жуық баланың тісіне түрлі ем шаралар жасалды. Соңғы үлгіде жабдықталған мамандандырылған стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар, ауыз қуысына диагностикалық тексерулер жүргізіліп, емдеу шаралары тағайындалды.
Алдыңғы жылы Шымкентте ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет ашылған болатын.
Жаңадан ашылған кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді.
Асардағы балалар ауруханасында ашылған стоматалогиялық кабинетте ақ халаттылар науқастарды тегін қабылдайды. Бұл үшін жергілікті емханадан пациенттің жолдамасы қажет.