«МЕЙІРІМ-ЖҮРЕКТЕН» АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

«МЕЙІРІМ-ЖҮРЕКТЕН» АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қалалық прокуратурасы мен білім басқармасы бірлесе отырып жоспарлаған «Мейірім - жүректе» айлығы жалғасуда. Осы орайда, білім ошақтарына арнайы барып, ондағы жұмыстармен танысқан тілшілер тәрбие сағаттары мен семинарларға қатысты. Бұл шараның балаға берер пайдасы қандай? Ата-ананың міндеті мен ұстаз жауапкершілігі жайында алдағы бейнематериалда.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес 7 бағыт бойынша жұмыстар бекітілен. Бұл ретте, бала, ата-ана, ұстаз үштігі құрылып, жұмыла жұмыс жасауда. Баспасөз туры барысында №23 Жеңіс бөбекжай-балалақшасының айлық аясында өткізіп отырған «Мейірім- жүректе» тәрбие сағатын тамашаладық.
Құмар ойындарға тәуелділікті анықтауға арналған «Такер» тестіне жоғары сыныптың 18 мыңнан астам оқушы қатысқан. Оның 13 мыңнан астамы жасыл аймақты көрсетсе, 19,6 пайызы сары аймақты, ал, 2,8 пайызы қызыл аймақты меңзеген. Осы орайда, қаладағы Жол-көлік колледжі жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу, есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттардан балаларды қорғау, кибербуллинг тақырыптарында семинар тренинг өткізді. Оған студенттер мен олардың ата-аналары қатысып, өз ойларын ортаға салды.
«Мейірім-жүректен» атты айлық жоспары аясында «Әкелер мектебі», «Аналар/әжелер мектебі», сонымен қатар, ұлдар және қыздар клубтары түйткілді мәселелерді шешуге ықпал етуде. Осы орайда, «Үштік одақ», ата-ана, оқушы-мектеп байланысын арттыруға өз үлесін қосуда.
25 сәуір мен 25 мамыр аралығына жоспарланаған айлық аясында түрлі кездесулер, семинар-конференциялар, дебаттар, акциялар ұйымдастыру көзделуде. Мұнымен қоса, психологиялық көмектер өткізу, үнқағаздар тарату, сауалнама мен ақпараттық қауіпсіздік жүргізу жоспарда бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ