ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгінде Шымкентте үш-ақ соғыс ардагері қалған. Соның бірі-Нина Мосунова. Қария биыл 99 жасқа келіп отыр. Ол 1942 жылы әскерге өз еркімен аттанып, Казань қаласында телеграфист мамандығын алған. 1943 жылы Можайск маңындағы соғыста қолына пулемет алып, жауға қарсы шыққан. 36 әскери бөлімнің «Зенит» бригадасында қызмет етті, онда радистер бөлімінің командирі болды. Соғыстан соң, кассир, кітапханашы, хатшы-машинистка болған.
Қазіргі таңда 2 немере, 5 шөбере сүйіп отыр.
Әжейдің үйіне арнайы барған «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы және қалалық мәслихат төрағасы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы мен фракция мүшелері әжемізге алғыстарын айтты.
Бірнеше медаль мен орденнің иегері Нина әжейге сый-сияпаттарын табыстап, құрмет көрсетті. Соғыс кезіндегі әндерді бірге орындап, майдангер апамыз көзіне жас алып, бейбітшілік – ұлы құндылық екенін, баға жетпес байлық екенін айтып, алғысын білдірді.
Ал, «Жастар Рухы» Жастар Қанатының белсенділері әжемізге жәрдем беріп, үйінің ауласы мен қоршауларын сырлап берді.
Партияластарымыз Отан үшін отқа түсіп, қан майданда жеткен жеңісі, бүгінгі бейбіт өмір сыйлаған үшін әжемізге бас иіп, алғыстарын білдірді.
Тарих беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды...
Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Нұржан Қазбековтың және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылды.
Құрметтi ардагерлер, Сіздерге туған өлкемiздiң игiлiгi үшiн атқарған адал еңбектерiңiз, даналық өмiрлерiңiз және белсендi азаматтық ұстанымдарыңыз үшiн мың да бiр алғыс. Себебi бүгінгі таңда жарқын болашаққа қарай батыл қадамдап келе жатқан Тәуелсіз Қазақстанның iргетасы сiздермен қаланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ