Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен Политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен TED X форматында Джиу-джитсудан әлемнің ІІ дүркін чемпионы, спорттың алты түрінен спорт шебері, еркін күрестен Азияның күміс жүлдегері, панкратионнан әлемнің күміс жүлдегері Қазақстанның рекордсмені Акбар Елубайұлымен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты жастарға тәлім тәрбие беру, рухани бағыт бағдар беру.
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Тәрбие тал бесіктен бастау алады. Ал тәрбиені беретін ата ана алатын жастыр. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт дәстүрлердің тәлім -тәрбиенің білімнің танымдық ролі зор. Қазақ халқы — рухани зор байлықтың мұрагері.
Тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қан мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-дәстүр негізін ұстансақ өте ұтымды болар еді. Себебі қызды да ұлды да нағыз азамат немесе азаматша етіп тәрбиелеуге өзіндік бағыты болған десек артық айтқандық болмас. Неге десеңіз ұл баланың бойына намыс пен батырлықты ,жанкештік пен батылдықты бойына дарыта алғанын бұрынғы тарих сахнасынан да аңғарсақ болады . Ал қыз баланы тәрбиелеуде бұрыннан келе жатқан қызға қырық уйден тыю деп әртүрлі тиымдарды қыз тәрбиесі үшін жинақтаған . Ерте заманнан ата-бабаларымыз сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Гүлге тән нәзіктік пен батырға тән батылдық бір бойына жарасқан қазақтың қыздарына тәнті болған жазушылар оларды шығармасына арқау етсе, ақындарымыз инабаттылығы мен нәзіктігін әнге қосып, өлең өрнектерімен көмкерген.
Спортшылар жастарды салауатты өмір салтын сақтауға, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстап, өзіне ,еліне пайдасын тигізетіндей іспен айналысуға шақырды. Спортшының әңгімелерін тыңдаған жастар бүгінгі күннің батырларын ризашылығын білдіріп, жеңісті сәттері көп болуын тіледі.
Қатысушы жастар қызығушылықтарын танытып, ел мақтанышына өздерін мазалаған сұрақтарын жолдады.