ТӨРАҒА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ТӨРАҒА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы және қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындардың өтініш- шағымын тыңдауға Шымкент қаласы Қоғамдық келісім КММ басшысы Ербол Байқонақов, «Оңтүстік» телеарнасының директоры Уәли Қыдыр, тұрғын үй және мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер басқармасының маманы қоса шақырылды.
Бұл күні жоғарғы оқу орнының ұстазы Ғалымжан Танабаев сұрақтарымен жүгінді. Қызықты әңгіме өрбіп, шығармашылық ізденісімен таныстырып, қолдау көрсетуін сұрады.
Өз өтінішімен қабылдауға ҚР мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткері
Артықбай Базарбайұлы да келді. Ақсақал Ассамблея жұмысын жетілдіру жөнінде өз ойын ортаға салды.
Тұрғындар үшін өзекті мәселелер айтылды. Мәселен, қабылдауға келген азамат Тұран ауданына қарасты орамдарын ойын алаңшаларымен қамтамасыз ету ұсынысын жеткізді.
Қабылдауға сондай ақ, баспана жайын айтып, жұмыс сұрап келгендер де болды. Мәселен, Олжас Абдрашитұлы жер кезегінде тұрғанын, кезектің қашан келетіні жайлы хабар алғысы келетінін сұрап, әрі жұмыс іздеп келген. Қандас бауырларымызды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласына келген қандастарды жаңа ортаға бейімдеу ықпалдастыру мақсатында «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» жұмыс жасайтыны, ол жерде қандастар 6 ай мерзімінде тегін тұратыны жайлы хабардар етілді.
Бүгінгі өтініш иелеріне қабылдауға шақыртылған сала мамандары нақты жауаптарын беріп, бірқатарын бақылауға алып, мерзіміне сәйкес тиісті жауаптарын беретінін түсіндірді.
Бахадыр Мәдәліұлы партия тарапынан шешу жолдарын қарастыру бойынша құзырлы органдарға хаттар жолданып, кейбір мәселелерге қатысты шешу жолдарын түсіндіріп, бағыт-бағдар, ақыл-кеңестерін де берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ