Шымкентте сібір жарасын жұқтырғандар анықталды

Шымкентте сібір жарасын жұқтырғандар анықталды

Шымкенттің екі тұрғыны күйдіргі ауруы анықталғаннан кейін медициналық бақылауда, деп хабарлайды  ktk.kz.

«Сібір жарасы анықталған екі ер адам 19 және 33 жаста, Сайрам ауданында жұмыс істейді. Олар дәрігерлерге қолдарында жара пайда болғаннан кейін жүгінді. Зертханалық зерттеулер диагнозды растады»,- делінген хабарламада.

Ауру жұқтырғандар мал өсіріп, союмен айналысады. Олар ауруханаға орташа ауыр жағдайда түсті, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Профилактикалық антибиотикалық терапиядан жұқтырған адамдармен байланыста болған 20-дан астам адам өтті. 

«Аурудың дереккөзі нақты анықталған жоқ. Бірақ, инфекция болуы мүмкін, біз қандай да бір мал сою болды деп ойлаймыз, өйткені бұл жануарлардан... біздің қаламыз, Шымкент қаласы, сондай-ақ Түркістан облысының жақын жатқан аудандары, олар қолайсыз, сібір жарасы бойынша деп айтуға болады. Себебі стационарлық қолайсыз пункттер бар»,- деді Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге...

Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуімен бірге, қаланың бас жоспары қайта жаңартылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы...