Елордада ауруханаға емделуге келген әйел науқастың смартфонын ұрлап кеткен

Елордада ауруханаға емделуге келген әйел науқастың смартфонын ұрлап кеткен

Астана ауруханаларының бірінде емделіп жатқан пациент палатада бірге жатқан өзге әйелдің ұялы телефонын ұрлап ұсталып қалды деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті ұрлықты ауруханадан шығар күні жасаған. Қолды болған Samsung A5 смартфонының нарықтағы құны 80 мың теңге дейді жәбірленуші. Полицейлер оған телефонын қайтарып берді.

«Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтарынан барынша мұқият болуды сұраймыз, өйткені ұрлық – ең жиі жасалатын қылмыс болып есептеледі», - делінген аталған хабарламада.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...

Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді түрде тексеруді жалғастырып келеді, деп...

2025 жылғы 22 тамызда мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп...