Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қала жастарына әкімдік қызметінің жұмысымен таныстыру мақсатында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Асанбаев Бағлан Бағдатұлы жастарда арнайы күтіп алып, әкімдікке қарасты жұмыс жүргізу бөлімдерінің жұмыс барысымен таныстырды.
Жастар ең алдымен «Ashyq akimdik» бөлімнің жұмысымен танысып, қала әкімдерінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде болды. Сондай-ақ, аппаратқа қарасты құжаттамалық қамтамасыз ету, өтініштермен жұмыс жасау сынды бөлімдердің қызметімен танысты.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылы бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2023-2025 жылдар аралығында 3,3 милионнан астам азаматты, оның ішінде 2,3 млн жас маманды жұмысқа орналастыру көзделген.
Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы – 7 628, 2024 жылы – 8 000, 2025 жылы 8 200 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде былтыр 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Іс жүзінде 39 058 адам қатысып, жоспар 116,3 пайызға орындалған. Жастардың үлесі 43,5 пайызға жетіп, 16 980 адам қамтылды.
Былтыр қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кәсіби білім беру бойынша 1 287 жасты оқуға жолдаған. Олардың 470-і жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыс орындарында, 262-сі жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқыса, 555 адам еnbek.kz порталында онлайн дәріс алған. Ал 15 376 азаматқа кәсіпкерлік қолдау көрсетілген. Оның ішінде 7 084 -і жастар. Мұндағы 6 629 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолданса, 455 жасқа өтеусіз негізде мемлекеттік грант берілген.
Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы - Қансейт Ардақ Кеңесәліқызы, әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілермен және мемлекеттік қызметке қалай жұмысқа орналасуға болатыны жөнінде түсіндіріп, жастармен сұрақ-жауап алмасты.