Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының 3 кезеңіндегі қыздар арасындағы волейбол ойындары тартысты өтті.
Еске салар болсақ Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында спорттық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен салу арқылы бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталған болатын. Осы тұста, ҚР мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілген талдау негізінде жаңа объектілер салуды, жұмыс істеп тұрған білім беру орындарының базасында жаңғыртуды және қосымша жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың жоспар-кестесінің жобасын әзірледі.
Сонымен қатар, ол кешенді іс-шараларды өткізу жөнінде бірқатар жұмыстар атап айтқанда, Кәсіптік одақтар арасындағы республикалық спартакиадасы, Жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы республикалық спартакиадасы, Мемлекеттік орталық органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы республикалық спартакиадасы, Медицина қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиадасы, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиадасы жүргізіліп отырғанын айтып өтті.
Атап өтер жайт, елімізде Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылға арналған арнайы кешенді жоспар да әзірленген. Спортты жүйелі дамытуды көздеген кешенді жоспарда мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары толық ескерілген. Саланың басы қасында жүрген мамандар арқылы толықтырылған кешенді жоспар еліміздің спорт саласын жаңа деңгейге көтереді деген үміт зор! Кешенді жоспар 34 тармақ пен 5 негізгі бағыттан тұрады. Атап өтсек нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, мектеп және студенттік спорт, спорт желілерін кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау және кеңінен тарату, спорттық-бұқаралық іс-шаралары көбейту көзделген. Бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың санын арттыру мақсатында да көптеген жұмыстар жасалуда.
Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жобада білім беру мекемелерінің жастары А, Б, С және Д тобы бағытында ойын көрсетті.
Атап айтқанда:
№127 білім беру мекемесінде - №65 - №12 мектеп;
№36 білім беру мекемесінде - БИЛ-2 - №43 мектеп арасында тартысты ойын өтті.