"БАҚЫТТЫ МЕКЕН" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

"БАҚЫТТЫ МЕКЕН" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Девиантты мінез-құлықтың алдын алу” бағытында М.Горький атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектеп жастарына психология ғылымдарының докторы,профессор және де психоаналитик Заурет Бердіқұлқызы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара мақсаты - жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын-алу болып табылады.
Девиантты мінез-құлық - балалар мен жасөспірімдердің жалпыға ортақ ережелерінен ауытқитын әлеуметтік іс-әрекеттен туындайды. Бұндай іс-әрекеттер, көп жағдайда отбасындағы тəрбиенің дұрыс ұйымдастырылмауынан туындайды.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
- қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
- тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
- микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Заура Бердіқұлқызы жастарға девиантты мінез-құлықтардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, психологиялық ойындар ойнатты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шакирова  Асия  Мунавирқызы Жаратылыстану бағытындағы биология және химия пәндерін оқытуда кәсіби шеберлігін шыңдап, әріптестеріне үлгі болып жүрген...

Нью-Дели, 2025 жылғы 5 маусым – Үндістан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер...