Бүгін Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, облыстық мәслихаттың депутаты Н.Жамалбеков, ауылдық округінің белсенді тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Сайрам тазалық» ЖШС-і, ауылдық округі әкімшілігінің коммуналдық-шаруашылық саласына жауапты қызметкерлері қатысты.
Ақсукент-2 ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары тарапынан кәріз жүйелерінің дұрыс жұмыс істемеуі және ауыз су қысымының төмендеуіне байланысты жыл сайын жаз айларында көтерілетін мәселелерінің шешу жолдары талқыланды.
Мадияр Мұхтарұлы биыл ауыз судың қысымын жоғарылату мақсатында бірқатар жұмыстардың жүргізілгенімен, алайда бүгінгі таңда нақты нәтижесі болмай отырғанын түсіндірді. Осыған сәйкес, аталған мәселелердің облыс тарапынан оңтайлы шешімін қарастыру үшін халық қалаулысына қолдау көрсетуін сұранды, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.