Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың 23 маусым күні «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Түлкібас аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің мамандарының қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан жұмыспен қамту, жер, тұрғын үй, сәулет және қала құрылысы, әлеуметтік және тағы басқа мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, сала құрылысы мамандары тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Сондай-ақ, автокөлікті арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ - да тіркеу барысында жүргізушілерге өтініш бланкілерін толтыру, анықтама қағаздарын жинау қажет болмайды, оның орнына орталық операторлары жүргізуші жөніндегі тиісті мәліметтерді дерекқордан өздері таба алады.
Арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ жұмысында адами фактор толығымен жоққа шығарылады, себебі бағаны орталық компьютер береді. Қандай да бір жолмен көмектесуге, күн ілгері белгілі болған нұсқаны енгізуге болмайды, өйткені бірнеше камералардан ұдайы бейнебақылау жүргізіліп отырады.
Егер техникалық жарақтандыру туралы айтатын болсақ, онда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Мамандандырылған бөлімдерінің қалалық кешендерінің аумағында практикалық емтихан өтетін 1 га алаңы бар автодром және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ға келушілер үшін тегін автотұрақ бар, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі-сенбі аралығы, 9:00 - ден 18:00 - ге дейін түскі үзіліссіз.
Барлық сұрақтарыңызды, шағымдарыңыз бен тілектеріңізді әдеттегідей www.1414.kz ресурсына Қазақстан аумағындағы кез келген мобильдік құрылғыдан 1414 қысқа нөміріне хабарласып қалдыруыңызға болады.