«AMANAT»: МӘСЕЛЕҢІЗ ШЕШІЛДІ!

«AMANAT»: МӘСЕЛЕҢІЗ ШЕШІЛДІ!

Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жергілікті тұрғындардың өтініштерін ескерусіз қалдырмай, шешілуіне ықпал етіп келеді.
Оң шешілген талап-тілектердің қатарында: қаржылай көмек, азық-түлікке мұқтаждық, жұмыспен қамту және елді мекендерде су өткелін жаңарту мәселелері бар.
Солардың бірі «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елді-мекені, Орынбасар көшесінің тұрғыны Ахмет Мерей Бауыржанқызы жұмысқа орналасу бойынша өтінішін білдірді. Өтініш иесінің мәселесін қарау үшін Мақтаарал аудандық мәслихат депутаты Кенжебаев Суннат Кахраманұлының қабылдауына шақыртылып, мәселесі зерделенді. Нәтижесінде азаматша жұмыспен қамтылды. Өтініші қанағаттандырылғаннан соң «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалына және Мақтаарал аудандық мәслихат депутатына алғысын білдірді.
Сондай-ақ Қазығұрт аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен аудандық партия филиалының депутаты Д.Кубеевтің қабылдауына жалғыз басты ана Д.М. әлеуметтік жағдайын ескере келе азық-түлікпен қамтуға көмек қажеттігі жөнінде өтінішін білдірді. Қабылдау барысында Д.М. демеушілер тарапынан көмек берілетіндігі түсіндірілді. Нәтижесінде, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты Д.Кубеев демеушілерді ұйымдастырып бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, "AMANAT" партиясы Түлкібас аудандық филиалына Машат ауылы, Жамбыл көшесінің тұрғыны Е.Қуатбеков облыстық маңызы бар көшеде су өтетін көпірдің трубасын ауыстыруға өтініш білдірді. Өтініш иесінің мәселесін қарау үшін "AMANAT" партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы Қ.Еркебаев Машат ауылдық округі әкімі К.Амаловқа аталған мәселе бойынша жұмыстар жүгізу қажеттігі хабарланды. Нәтижесінде, Машат ауылдық округі әкімі К.Амалов демеушілік тарапынан аталмыш су өткелінің трубасын жаңалатып, қазіргі таңда тұрғынның мәселесі шешілді. Өтініші қанағаттандырылғаннан соң өтініш иесі "AMANAT" партиясы Түлкібас аудандық филиалына және Машат ауылдық кругі әкіміне алғысын білдірді.
Атап өтсек, биыл жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 3200-ден астам арыз-шағым келіп түскен. Оның 1461-қа жуығы оң шешімін тапса, 1637 өтінішке заң аясында кеңестер мен түсіндірмелер беріліп, 95 өтінішітің қаралу мерзімі бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...