ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІ АУМАҒЫНДА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ӨТКЕЛІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІ АУМАҒЫНДА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ӨТКЕЛІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылады.
Бүгінгі күнге дейін қаладағы 87 мектептің алдында жаяу жүргіншілер өткелі жаңартылды.
Жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі мақсатында түнгі уақытта атқарылады.
Шымкент қаласында бүгінде 270 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 120 шақырымы акрильді бояумен сызылды.
Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысымен 450 шақырым жол таңбалары сызылған болатын.
Жол таңбалары сызылған көшелер тізімі:
Пластика:
1. Бөгет көшесі;
2. И.Тайманұлы көшесі;
3. Шымсити ш/а 5 көше;
4. Володарского көшесі;
5. Ерманов көшесі;
6. Сайрам көшесі;
7. Мәделі қожа көшесі;
8. А.Асқаров көшесі;
9. Н.Малқаров көшесі;
10. Рашидов көшесі;
11. Н.Төреқұлов көшесі;
12. М.Мәметова көшесі;
13. Тәуке хан көшесі;
14. Ж.Шаяхметов көшесі;
15. Түркістан көшесі;
16. Ж.Тәшенов көшесі.
Акрильді бояумен:
1. Бақбаев көшесі;
2. Қ.Төлеметов көшесі;
3. Жібек жолы көшесі;
4. Ынтымақ ш/а (Барыс базар маңы).
Қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында көшелерде жол таңбаларын жаңарту, бағдаршам, жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдері мен оң жақ өткелдер салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жыл басынан бері белгіленген аумақтарға 1079 жол белгісі орнатылып, 220-сы жаңаланды, қажеттілігі бар аумақтарға 10 бағдаршам қойылды. Жыл соңына дейін тағы 4 мың дана жол белгісін орнату жоспарлануда.
Қалада бүгінде 350 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар орындарда жол қауіпсіздігін қамту мақсатында 400 метр жасанды жол кедергілері орнатылды.
Көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Назарбеков - Бәйтереков көшелері қиылысында, Кеңжарық - Патеев көшелерінде, Бәйдібек би даңғылы, Тұран шағын ауданына бұрылыста оң жақ өткелдер құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...