Оқу жылының соңында, «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында шымкенттік полицейлер студенттік жастармен жұмыс жүргізіп, оларды есірткіге қарсы қою бойынша қажетті шаралар қабылдауда.
Осы мақсаттағы кезекті іс-шара М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінде жалғасты.
Оған қатысқан Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков жастар арасында есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қауіптілігі, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Сөз соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.
Жастармен кездесудің басты мақсаты – есірткі заттарының, ішімдік пен темекі тартудың жас ағзаға зияны, болашақ өміріне келтірер қасіретін түсіндіру. Сондай-ақ, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өміру сүруге тәрбиелеу және «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы бойынша кеңес беру.
Шымкентте жыл басынан бері 4 000-нан астам есірткі саудасымен айналысып келген сайт бұғатталып, одан бөлек дәріханаларда есірткінің орнын алмастыратын препараттардың дәрігердің рұқсатынсыз сатылғандары тәркіленген.
Есірткі организмге әр-түрлі тәсілдермен енгізіледі, көктамырмен енгізілетін есірткілер ерекше қауіптілік туғызады. Инъекциялық жолмен есірткі тұтыну елде, негізгі фактор болып табылады. Егер адам басқаның шприцін, инесін, басқа құралдарын есірткіні дайындау мен егу үшін пайдаланса немесе өз шприцін берсе қауіптілігі жоғарғы болады. Бұл жағдайда есірткі қабылдағандар АИТВ, гепатит В,С және тағы басқа жұқпаларды жұқтыру қауіпіне ұшырайды. Сонымен қатар есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, дайындағаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жастар мен жасөспірімдер нашақорлықтың белең алмауы үшін есірткінің алдын-алу жұмыстарын кең көлемде жас ұрпақтың жүрегінен жол табатындай етіп кеңес жүргізіліп жүр.
Нашақорлықтын өсуі-бұл әлемдегі медициналық-әлеуметтік ең ауыр мәселердің бірі болып табылады.Қазақстанда есірткіні медициналық емес жолмен пайдалану күннен-күнге қауіпті бола түсуде.Нашақорлық арасында АИТВ таралуы қауіпті тек инъекциялық есірткіні стерильденбеген құралдармен қабылдауға ғана байланысты емес. Көптеген психоактивті заттар оны қалай қабылдағанына қарамастан, жасөспірімдерді есірткімен зақымдалу қауіпіне ұшыратады.Есірткі олардың мінез-құлқына әсер етіп,тәуекелге жиі барады.Мұның барлығы қатты аландатушылық туғызады.
Жастар спорт алаңында әркім өзінің таңдаған спорттық түрлерімен шұғылданатыны байқалады. Ендеше оларға ешқандай есірткінің қаупі жоқ. Жасөспірім, салауатты өмір салтын ұстан спортпен шұғылдан, сымбатты бол! Өз мемлекетіңді, нашақарлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел! Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік.