МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Абай ауданы жастар ресурстық орталығы мен №2, №7 кітапхана бөлімшелері бірлесе отыра, №2 кітапхана бөлімшесінде «Мамандық таңдау - маңызды шешім» тақырыбында Әлия Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен кездесу өтті.
Мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі өте маңызды кезең. Ол болашақ өмірге бағыттау, мамандық таңдауға неғұрлым сәтті қадам жасалған сайын, өмірлік жол соғұрлым қызықты және табысты болады. Бастауыш сынып жасынан оқушыларды мамандық таңдау – табысты мансап, биік бедел, жоғары жалақы, сұраныска қажеттілік екендігін жете түсіндірген абзал. Мамандықтар негізінен сыртқы тиімділігі бойынша таңдалады. Осы кезеңде мінездің психологиялық ерекшеліктері, физикалық мүмкіндіктері ескерілмейді. Бұл көптеген қателіктерге ұрындырады. Өйткені адам санасындағы мамандық тағдырмен, өмірлік мақсаттармен байланысты. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысының басты көздеген мақсаты – оқушыларға, олардың ата-аналарына сұранысқа ие мамандықтарды дұрыс және уақтылы бағдарлау және болашақты таңдауда қателеспеуге көмектесу бағытында жүргізу. Оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдау барысында, кәсіптік өзін-өзі анықтау мәселесінде білім берудің жаңа мазмұнына сәйкес бағыт-бағдар жұмыстарын ұйымдастырған жөн. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының көпшілігі қазіргі білім алу саласындағы барлық мамандықтар жайлы толық ақпараттарды біле бермейді. Осы орайда еліміздегі педагог кадрларын даярлайтын бірден-бір іргелі жоғары оқу орны – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Кәсіптік білім кафедрасы дайындайтын мамандықтар турасында тоқталып өткім келеді.
Мақсаты - жалпы білім беру мекелерінің жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру, мансаптық траекторияны құру.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Асқар Әлихан, М.Әуезов атындағы ақпараттық білім беру орталығының кітапхана меңгерушісі Ж.Ережепова, №49 мектеп мұғалімі Мира Мамытбекқызы және Абай атындағы ОККЖ ақпараттық библиография бөлімінің меңгерушісі Айман Буралхиева қатысты. Спикерлер бірінші кезекте жастарға сұраныстағы басым мамандық түрлерін атап, өз мамандықтары жөнінде кеңінен сөз етті.
- Әрбір ұстаз шәкіртінің ертеңіне алаңдайды. Біз әрбір қолымыздан ұшқан шәкірттердің ертеңгі ел болашағының жарқын бейнесіне айналуын мақсат тұтамыз. Мұғалім болу менің бала күнгі арманым болған, бүгінде өзім сүйген мамандықты таңдап, білімді, білікті шәкірт тәрбиелеу жолында қызмет жасап жүрмін. Жүрек қалауы таңдаған мамандықты меңгеріп, қоғамда өз орындарыңызды табуларыңызға тілекшімін, - деді №49 мектеп мұғалімі Мира Мамытбекқызы.
Кездесу соңында оқушылар қонақтармен сұрақ-жауап алмасып, естелікке суретке түсті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...