ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС АЛДЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС АЛДЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Жазғы демалыс алдында, «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» арналған айлық іс-шаралар аясында Шымкент қаласындағы №75 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Заң – қоғамның негізгі тірегі» тақырыбында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «құқықтық сағат» ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылымысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысты.
Ол мектеп оқушыларына заңның үстемдігін, оны бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Сонымен қатар, алдағы 3 айдағы демалыс алдында жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.
Іс-шара барысында оқушылар көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.
Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл.
Нашақорлықтың себептері:
Балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуметтік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткі қоғамдық орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде, көшелерде, саябақтарда, есірткі таратушылар мен сатушылардың пәтерлерінде алынады.
Нашақорлықпен күресу жолдары:
Есірткіге қарсы күрес бөлімдерінде қызметкерлердің санын көбейту қажет, өйткені саусақпен санарлық топқа есірткі бизнесі дес береді деуге сену қиын.
Есірткіні анықтап, ұстап тауып алатын құрал-саймандар, техникалармен есірткіге қарсы күрес топтарының толық қамтамасыз етілуі керек.
Қысқасы, нашақорлық – қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...